Құрылыс конструкцияларын жобалау және есептеу — «Zangar Engineering» ЖШС-нің негізгі мамандығы. Біз олардың қауіпсіздігін, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз ету үшін кез келген күрделіліктегі ғимараттар қаңқаларының егжей-тегжейлі конструктивтік есептеулерін орындаймыз.
Жұмыстың негізгі түрлері:
- ЛИРА-САПР бағдарламалық кешенінде кеңістіктік қаңқаны есептеу.
- Темірбетон конструкцияларын (КЖ) жобалау: колонналар, ригельдер, жапқыш плиталар, қатаңдық диафрагмалары.
- Металл конструкцияларын (КМ) және түйісу тораптарын жобалау.
- Прогрессивті бұзылуға төзімділікті және сейсмикалық төзімділікті есептеу (ҚР сейсмикалық белсенді аймақтары үшін өзекті).
Барлық есептеулер Еврокодтармен (ҚР СП EN) үйлестірілген Қазақстан Республикасынияң жаңа нормативтік құжаттары бойынша жүргізіледі.